23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында Астанада «Көшпенділер рухы: шексіз көкжиек» атты фотокөрме ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көрмені Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен «Creative & Innovation Institute» Орталық Азияның тұрақты даму Қоғамдық Қоры ұйымдастырды.
Көрмеге қазақстандық Анзор Гасаев пен Александр Кузнецовтың, сондай-ақ британдық Конор Макнейл мен венгриялық Шандор Карачонның бірегей кадрлары қойылған.
Көрмеде көшпенділер әлемімен қайта қауышқандай әсерге бөлейтін керемет пейзаждар мен портреттер, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен таңғаларлық фотосуреттер ұсынылды.
Сондай-ақ, көрме қонақтары қазақтың киіз үйінің инновациялық эко-жобасын, дәстүрлі және заманауи технологияларды қатар қолдану арқылы киіз бен жүннен жасалған бірегей бұйымдарды тамашалай алады.
«Көшпенділер рухы: шексіз көкжиек» көрмесі Астана қ., Сығанақ көш., 60/5 мекенжайы бойынша өтіп жатыр. Көрме 17 қыркүйекке дейін жалғасады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік