12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАстанада көші-қон заңнамасын бұзған 270 шетелдік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Еліміздегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай шетел азаматтарының республикамызға келуіне қолайлы жағдай туғызып отыр. Келетін шетел азаматтары санының артуына қарамастан, елордадағы көші-қон жағдайы тұрақты және әрдайым бақылау болады. Астана қаласының полиция департаменті қала аумағында тұрақты түрде мақсатты рейдтер жүргізеді.
Осы жылдың 20 ақпаны мен 28 ақпан аралығында “Мигрант” ЖААШ негізінде шетел азаматтарының белгіленген ережелерді сақтауы бойынша құрылыс нысандарын, тұрғын үйлер мен саяжайларды, базарларды тексеру бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Мәселен, қабылданған шаралардың нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 270 шетелдік жауапқа тартылды. 38 шетелдік елден шығарылса, оның 11 мәжбүрлі түрде шығарылды. InDrive, Яндекс Go, Uber мобильді қосымшалары арқылы жеке тасымалдаумен айналысқан 23 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Елордадағы көші-қон процестерін реттеу бойынша осы бағыттағы жұмыс полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер