Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚардың мол болуына байланысты елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы ауысымдық режимде жұмыс істеп, қала көшелерін қардан тазартады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, 1300-ден астам арнайы техника мен 2400-ден астам жол жұмысшы күндізгі ауысымда көшелерді қардан тазартуға шықты.
Ең алдымен, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды тұстар тазартылады. Сондай-ақ, орташа қарқындылығы бар учаскелер – алаңдар, вокзал маңы, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. қардан тазартылады, - делінген мәліметте.
Астанада бір апта ішінде 57 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 4595 жүк рейсін құрайды.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Астанада 11 қарашада көшпелі бұлт, кейде қар, боран болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 2-4 аяз, күндіз одан әрі төмендейді.
Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі