Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАстанада көркем гимнастика орталығының ашылу рәсімі өтіп, ресми түрде қолданысқа берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Су жаңа орталықтың аумағы 1000 шаршы метрден асса, биіктігі 14 метрге жуық. Енді көркем гимнастика талаптарына толықтай сай кешенде гимнастшылар жаттығуларын өткізіп, шеберліктерін шыңдайды.
Осыған дейін қалада тиісті талаптарға сай келетін ғимарат болмаған. Бұл мәселені шешу үшін Тәуелсіздік сарайынан уақытша орын берілген. Енді көркем гимнастика талаптарына сай келетін жаңа орталықта емін-еркін дайындалуға болады.
Жас спортшылар осыған дейін жаттыққан Тәуелсіздік сарайында жөндеу жүргізіліп, балалар жарыстарға дайындықты әртүрлі жерде өткізуге мәжбүр болған еді. Енді Астанадағы балалар мен жасөспірімдер осы орында алаңсыз дайындала алады.
Орталықтың ашылу салтанатына Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебіннің директоры Сайранбек Әбілқайыр қатысты.
Қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Сәбитұлы өз сөзінде мектеп ұжымын және жаттықтырушыларды жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады.
Айта кетейік, бұл орталықтың ғимараты жалға алынған.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек