23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕлордада көпқабатты үйде өрт болып, 3 адам, оның ішінде 1 бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
Бүгін сағат 10:43-те өрт сөндіру бөлімшелері Б.Момышұлы даңғылы, 14 мекенжайындағы пәтердің өртенгені туралы шақыруға шыққан.
«Өрт сөндірушілер шақыру орнына үш минутта жетті. Онда 15 қабатты үйдің 11-қабатындағы 50 шаршы метрлі пәтерді алапат өрт шалып, қатты түтін пайда болған. Өрт сөндірушілер бірінші кезекте адамдарды құтқаруға кірісті. Өйткені жанып жатқан пәтерде көмек сұраған адамдар болған. Осылайша, 5 адам, оның ішінде бір бала құтқарылып, 10 адам эвакуацияланды. Көміртегі тотығымен уланған үш адам, оның ішінде бір бала ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады ТЖ департаментінен.
Тілсіз жауды сөндіруге Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 26 адамы және 6 техникасы жұмылдырылды, оның ішінде Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері де болған.
«Үйдің ауласында тұрған автокөліктер өрт орнына баруды айтарлықтай қиындатқанын атап өткіміз келеді. Өрт шыққан сәтте әр секунд маңызды, сондықтар автокөлік иелерінен кіреберіс жолдарды бөгемеуді сұраймыз», - дейді құтқарушылар.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады