Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада полицейлер балалар арбасымен қаланы аралап жүріп, есірткі тасымалдайтын курьерлер мен дропперлердің жұмысын жарнамалайтын QR кодтары бар жапсырмаларды жапсырған 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тергеушілер бақылау камерасының түсірілімдерінен күдікті әрекетті байқады: әйел ғимараттарға, кіреберістерге, шлагбаумдарға, тіпті кондиционерлерге стикерлер жапсырған. Жедел іздестіру шараларынан кейін әйелді ұсталды.
Белгілі болғандай, ол телеграм арналарының біріне тіркеліп, куратордан қала бойынша 500-ге жуық стикер жапсыру туралы тапсырма алды.
Әйел мұның қандай жұмыс екенін білген.
Қазір күдіктіге қатысты есірткіні насихаттап, заңсыз жарнамалағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған әйелдің төрт баласы бар.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?