7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Астанада Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған «Ұстаным» ұлттық пікірталас клубының отырысы өтті.
Жиынға Парламент депутаттары, конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары және азаматтық альянстардың көшбасшылары қатысты.
Кездесу барысында конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары, оларды іске асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлі, сондай-ақ саяси-құқықтық жаңғыру үдерістеріне қоғамдық қатысудың тиімді тетіктері жан-жақты талқыланды.
Отырыс аясында Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілі Бану Нұрғазиева сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасы заманауи сын-қатерлерге жауап беретін, ел дамуының стратегиялық бағытына сай Мықты әрі Әділетті Қазақстанды қалыптастырудың берік құқықтық негізіне айналатынын атап өтті.
Сонымен қатар мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру, стратегиялық құжаттарды талқылауға азаматтардың қатысу аясын кеңейту және заң шығару үдерісінің ашықтығын арттыру мәселелері қозғалды.
Іс-шара қорытындысы бойынша демократиялық институттарды нығайтуға және реформаларды іске асыруда сындарлы қоғамдық қатысуды дамытуға бағытталған ұсынымдар қабылданды.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?