Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстан Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай Астанада жаппай велошеру ұйымдастырылды. Оған жүздеген қала тұрғындары мен қонақтары қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаттығудан кейін қатысушылар ұйымдастырушылардың бастауымен Қосшы бағытына қарай айналма веложолмен қозғалды. Маршрут ұзындығы 25 шақырымды құрады: айналма веложолдан бастап Үркер шағын ауданындағы «Жасыл белдеу» саябағына дейін.
Жол бойы қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жедел жәрдем көлігі еріп жүрді.
Мен үшін бұл жай ғана жарыс емес, нағыз мереке болды. Біз достарымызбен бірге жүрдік, жол бойы тамаша атмосфера мен айналамыздағы қолдауды сезіндік. Мұндай шаралар ерекше қуат береді, - деді Аяжан Аймұқанова.
Мәреде еріктілер қатысушыларға естелік медальдар табыстады. Сондай-ақ қатысушылар арасында 10 жаңа велосипед ойнатылды.
Біз бұл шеруге қала тұрғындарының – мектеп оқушыларынан бастап мемлекеттік құрылым өкілдеріне дейін бас қосқанына қуанып отырмыз. Спорт адамдарды жақындастыра алады және бұл – Конституция мерейтойын атап өтудің ең жақсы тәсілі, - деп атап өтті Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?