Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлорданың Байқоңыр ауданында ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай Ғұмар Қараш көшесінде жаңа аллея тұрғындардың игілігіне берілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қала әкімдігінің мәліметінше, жалпы ауданы 1 700 шаршы метрді құрайтын аллея Ш.Иманбаева көшесінен Ш.Уәлиханов көшесіне дейінгі аралықты қамтиды.
Кешенді абаттандыру барысында 1 500 шаршы метрге жуық кеспетас және 500 шаршы метрден аса асфальт жабыны төселді.
Тұрғындардың жайлылығы мақсатында демалыс орындықтары мен қоқыс жәшіктері орнатылып, жарықтандыру жүргізілді.
Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін осы аумақта аса өзекті мәселелердің бірі болып келген автокөлік жолдары кеңейтілді. Сондай-ақ, автотұрақ алаңына қосымша тағы 40 көлік орны қосылды.
Абаттандыру нәтижесінде аллеяға іргелес орналасқан №54 мектептің балалары үшін қауіпсіз және қолайлы жаяу жүргіншілер жолы қамтамасыз етілді.
Айта кетейік, биыл Астанада шамамен 170 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылуда. Бұл жұмыс қаладағы барлық ауданды, оның ішінде тұрғын алаптарды да қамтиды. Бүгінде олардың басым бөлігі аяқталды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары