6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанада толассыз қар жауды. Көшелерді тазарту үшін түнгі ауысымда 700-ден астам арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, Астанада қар күреу тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізіледі. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.
Түнгі ауысымда қар тазалауға 200-ден астам жол жұмысшы мен 700-ден астам арнайы техника жұмыс істейді.
10 наурызда бір күнде полигондарға 27 мың текше метр қар 2,1 мың ауыр жүк рейсі арқылы жеткізілді.
Қыс мезгілінің басынан бастап 6,1 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл 451 мыңнан астам ауыр жүк көлеміне тең.
Көктайғақ кезінде қала тұрғындарының қауіпсіз жүруі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.
Көлік жүргізушілері жолда мұқият болуы, жылдамдық режимін сақтауы қажет.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі