28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАстанада қалың қар жауып, коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, коммуналдық қызметтер елорданың барлық ауданында тәулік бойы қар тазалау жұмысын жүргізіп жатыр.
30 қаңтарға қараған түні қар күреуге 316 жол жұмысшы мен 1557 арнайы техника шықты.
29 қаңтарда күндізгі ауысымда 4127 ауыр жүк көлігімен қаладан 51 284 текше метр қар шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына барлығы 4 339 580 текше метр қар 341 798 рейспен шығарылды.
Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.
Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие, - делінген мәліметте.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?