Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстана қаласы «Нұра» ауданы әкімдігі мен «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының еріктілерінің ұйымдастыруымен «Кел, шәй ішейік» акциясы өтті. Мақсат - коммуналдық қызметкерлерді қолдау, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдіктің мәліметінше, еріктілер коммуналдық қызметкерлерге «Бухарест» саябағының аумағын қардан тазартуға көмектесіп, оларға ыстық шай мен дәмді тағам ұсынды. Өз кезегінде коммуналдық қызметкерлер жылы лебіздерін танытып, өзара қолдау атмосферасын қалыптастырды.
Жақсы дәстүрге айналған іс-шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтті. Мұндай бастамалар коммуналдық қызметкерлер еңбегінің маңыздылығын айқындап, әлеуметтік бірлікті нығайтуға ықпал етеді, — деді ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Руслан Сәбитов.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді