Астанада көлік тізгінінде көз жұмған жүргізушінің өліміне байланысты тың дерек шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқыс оқиға шамамен таңғы сағат он шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, 62 жастағы азамат кенеттен есінен танып, көлік тізгініне ие бола алмай қалған.
Оқи отырыңыз:
Салдарынан, автобус жақын маңдағы қоршау мен бағдаршам бағанасына соғылған. Абырой болғанда жолаушылар арасында зардап шекккендер жоқ. Ал оқиға орнына жедел жәрдем дереу жеткенімен, жүргізуші ауруханаға жетпестен, автобус ішінде көз жұмды. Дәрігерлер өлімнің негізгі себебі - жүрек талмасы болуы мүмкін деп отыр. Марқұм жолаушылар автобусы тізгіндегініне 15 жылдан астам уақыт қызмет еткен. Жауапты компанияның айтуынша, жүргізуші екі күндік демалысынан бүгін ғана шығыпты. Таңғы уақытта медициналық тексеруден өткенде денсаулығында еш кінәрат болмаған.
2023 жылдың 27 шілдесінде сағат 10.37 шамасында IVECO маркалы маршруттық автобусты басқарған 1961 жылы туған жүргізуші, Әуезов көшесіне қарай Бөгенбай батыр даңғылымен Бейбітшілік көшесі жағынан келе жатып, рульге ие бола алмай үйге қарама-қарсы тұрған жаяу жүргіншілерге арналған жол белгісімен қоршауға соқтығысқан, - дейді Астана қаласы ПД ресми өкілі Нұралы Тәңірбергенов.
Айта кетейік, бұдан бұрын Астана қаласында автобус жүргізшісі көлік тізгініде келе жатып, көз жұмғаны туралы хабарлаған едік.