6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанада көлік картасын сатып алу және толықтыруға арналған RTVM-автоматтар біртіндеп өшірілетін болады. Бұл туралы CTS-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Компания мәліметінше, RTVM-автоматтарды демонтаждау кезең-кезеңімен жүргізіледі. Барлығы қала бойынша 30 RTVM-автоматы бар.
30 наурызда 6 RTVM-автомат өшіріледі:
* «Северный» СҮ, Қосшығұлұлы көшесі, 9;
* «Сұңқар» СҮ, Республика даңғылы, 26;
* «Орбита» СҮ, Петров көшесі, 1;
* «Магнум» СО, Еділ көшесі, 21;
* Ғабит Мүсiрепов көшесі, 9Б;
* «Магнум» СО, Уәлиханов көшесі, 20.
Айта кетейік, осыған дейін «Аймақ Тау» CҮ орналасқан 2 RTVM-автомат өшірілген.
Қалған RTVM-автоматтар қалыпты жұмыс істеп тұр. Олардың өшірілуі туралы қосымша хабарланады.
Айта кетейік, бүгінде Астана қаласында енгізіліп жатқан жаңа электронды төлем жүйесі көлік картасының теңгерімін қашықтан және лезде толықтыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жақында көлік картасын толтырудың жаңа әдісі енгізіледі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі