Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады31 мамыр мен 2 маусым күндері Астанада "Мас жүргізуші – қылмыскер" деген атаумен жедел алдын алу шарасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, іс-шара аясында қала ішіндегі жолдардағы көптеген көлік тоқтатылған. Оларды тексеру барысында 28 жүргізуші алкоголь өнімдерін тұтынғаны белгілі болды.
Жедел профилактикалық іс-шара барысында Астана қаласында 28 жүргізуші ұсталып, медициналық куәландырудан өту үшін олар наркология орталығына жеткізілді. Оның ішінде 23 жүргізушінің мас екені расталды. Ал үш адам куәландырудан өтуден бас тартып, оларға хаттама рәсімделді. Жедел алдын алу іс-шарасына Астана қалалық Полиция департаменті патрульдік полиция бөлімшесінің 25 және 6 мотовзвод экипажы жұмылдырылды, - деді қалалық ПД-ның баспасөз қызметіндегілер.
Бұдан бөлек көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 7 мотоцикл жүргізушісі анықталды. Сондай-ақ, жол жүру ережесін сақтамай, мопед басқарған 2 азамат анықталды. Шара жүргізілген уақыттары заң талабына қайшы әрекеттері үшін 40 көлік айып тұрағына жеткізілді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары