1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді13 сәуір мен 11 мамыр аралығында елордада "Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі" айлығы өтеді. Әрбір тұрғын елордада тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлесін қоса алады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Экологиялық айлық шеңберінде қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазарту, көшелерді, тротуарлар мен орамішілік аумақтарды тазалау, саябақтар мен скверлердегі жасыл желектерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату жөніндегі іс-шаралар, рұқсат етілмеген қоқыстарды жою жүргізіледі.
Сондай-ақ акция аясында 270 мыңнан астам жасыл желек отырғызу жоспарлануда. Қала кәсіпорындарының, МИБ (ПИК), шағын және орта бизнес субъектілерінің (базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары және басқалар), оқу орындарының, еріктілер мен барлық бей-жай қарамайтын азаматтарды экологиялық айлыққа қатысуына болады. Елорда тұрғындары мен қонақтарын орамішілік (үй маңындағы) аумақтарды тазалауға шақырамыз, - деп жазылған елорда әкімдігі таратқан ақпаратта.
Мемлекет басшысы өз үндеуінде көшелерді тазарту, елдімекендердің аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру, сондай-ақ жолдарды ретке келтіру жөніндегі науқанды жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?