6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанада Көктал-1 шағын ауданының тұрғындары газсыз қалды. Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігі «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.
«Сағат 18.40-та «Газовик» ЖШС-нің құрылыс техникасы жұмыс істеп жатқан кезде Шұғыла көшесі- 24 мекенжайындағы орташа қысымды, диаметрі 225 мм болатын газ құбырына зақым келді. Бұл құбыр №14,15,16 газ тарату пунктерін табиғи газбен қамтамасыз етеді. Соның салдарынан Көктал-1 шағын ауданына газ беру толығымен тоқтап қалды. 236 абонент газсыз отыр. Газ беру аварияның салдарын жойылғаннан кейін қалпына келтіріледі», - делінген компания хабарламасында.
Ұйым өкілдері аталмыш шағын аудан тұрғындарынан авариялық карандарды жауып ұстауды сұрап отыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі