Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыЕлордада Балаларды қорғау күніне орай II Халықаралық клоундар фестивалі өтті. Іс-шара Нұржол желекжолында әртүрлі елдердің өнерпаздары қатысатын клоундар шеруімен басталды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Фестиваль қатысушылары «Бәйтерек» монументінен «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының қарсы бетінде орналасқан «Ғашықтар» паркіне дейінгі желекжолмен жүріп өтті. Мерекелік іс-шара Kazmedia Hall сахнасында ең жас елордалықтарға арналған қайырымдылық гала-концертпен аяқталады.
Бүгін 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елордадағы Бәйтерек монументі жанында жиналдық. Өте керемет бағдарлама ұйымдастырылған. Іс-шараны тамашалауға келген қала тұрғындары мен қонақтары өте көп. Бізбен суретке түсіп, өте көтеріңкі көңіл күйде жүр, - деді шеруге қатысқан Ділназ Ертаева.
Айта кетейік, фестивальге Қазақстан, Италия, Испания, Ресей мен Бельгия өнерпаздары қатысты. Онда танымал Мұтырғановтар отбасы, тараздық клоундар, Санкт-Петербор қаласынан келген «Лицедеи» театрының әртістері, испаниялық Хуго Санчес, италиялық жұп Дэнни мен Диво, белгиялық Барто клоуны өнер көрсетті.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады