28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАстана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жаңадан жаяу жүргіншілер променады ашылғанын, сол сияқты 165-тен астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылатынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елордада тұрғындардың қолайлы демалысы үшін жаңа әрі тартымды орындар ашылып жатыр. Бүгін жанданған көшелердің бірі – Сәтбаев көшесін араладым. Мұнда біз Қажымұқан көшесінен Петров көшесіне дейін қайта жаңғырту жұмысын жүргізіп жатырмыз. Жаяу жүргіншілер жолының жалпы ұзындығы – 3,5 км.
Бүгінде Қ.Мұнайтпасов көшесінен Петров көшесіне дейінгі жұмыс аяқталды. Көлеңкелі шатырлар, ойын алаңдары орнатылып, ағаштар мен жасыл желектер отырғызылды. Бұл қаладағы барынша көгалдандырылған көшелердің бірі болып саналуы мүмкін. Мұнда ірі жөке ағаштары, көпжылдық бұталар және т.б. отырғыздық.
Петров көшесі мен Б.Момышұлы даңғылы аралығындағы учаскені қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Сол сияқты мәселен қала тұрғындары мен қонақтары үшін Ақбұлақ жағалауы жайлы орындардың бірі болады, ал «Амман» және «Абылай хан» көпірлерінің астында жаяу жүргіншілер өткелдері құрылды. Олар Ақбұлақ өзенінің бойындағы саябақ кластерлерін өзара байланыстырды.
Орталық жағалаудың тарихи көшелері (Желтоқсан, Бейбітшілік, Бұқарбай батыр көшелері) және т.б. жаңарып жатыр.
Биыл барлығы 165-тен астам аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырамыз.
Жұмыс қаланың барлық ауданында жүріп жатыр. Бұл жұмыстың бір бөлігі бүгінде аяқталды. Қаламыз одан да жайлы әрі жасыл болады! - деп жазды елорда әкімі.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?