Бүгiн, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізедіАстана қаласында 26 мамыр күні «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Іс-шара сағат 17:00-де басталады. Оның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.
Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.
«Халық заңгері» акциясы дәстүрлі іс-шараға айналып келеді, ал оған алғыс білдіретін қазақстандықтар қатары артуда. 2016-2022 жылдар аралығында акцияға 7000-нан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 150 000-нан астам азамат консультация алды.
Акция өткізілетін орын: Астана қаласы, Кенесары, 32 үй, Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік филармония ғимараты. Кіру тегін.
Бүгiн, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы