Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіАстана қаласы әкімдігінің Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясының қолдауымен Елордада орналасқан үш жаттығу залында кез келген жаттықтырушы өз шәкірттерін тегін дайындай алады, деп хабарлайды EL.KZ.
Қазіргі таңда мұндай мүмкіндік елордада жергілікті аккредиттелген федерациялардың құрамына кіретін кез келген спорт түрінің жаттықтырушыларына беріліп отыр.
Біз үшін әрбір спортшының жеткен жетістігі өте маңызды. Осыған сәйкес Астана қаласында орналасқан үш жаттығу залы, яғни «Байқоңыр» жекпе-жек орталығы, Астана - Арена стадионындағы жауынгерлік өнер орталығы, жекпе-жек орталығы. Аталған үш залда әрбір спортшының жайлы, әрі еркін жаттығуы үшін барлық жағдай жасалған. Жеке киім шкафтарынан бастап, жаңа заман талабына сай жасалған апараттарға дейін жұмыс жасайды. Оған қоса, кез-келген уақытта, кез-келген жаттықтырушы келіп, спортшылармен, чемпиондармен қосымша жаттығу жұмытарын жүргізе алады. Бұқаралық спортты дамытып, ел намысын, ер намысын қорғайтын мықты спортшыларды біздің орталықта жаттықтырып, жеңіс тұғырында көк туымызды бірге желбіретейік, - дейді Астана қаласы әкімдігінің спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясының баспасөз хатшысы Айдана Жеңісбаева.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік