Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада бір адамға 5 келіге дейін картоп сатуға қойылған шектеу алынып тасталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдіктің баспасөз қызметі қазір елордада картоп сату бойынша шектеу жоғын мәлімдеді.
Өнім қаладағы сауда желілері мен базарлардың сөрелерінде жеткілікті мөлшерде ұсынылып, олардың қоры уақытында толықтырылып отырады, - деп хабарлады ведомство.
Әкімдік картопты сату бойынша қойылған шектеуді Small және Spar желілерінің әкімшілігі шығарғанын айтты.
Олар бұл шараны делдалдардың өнімді одан әрі қайта сату үшін көтерме сатып алуына жол бермеу үшін өз бетінше қабылдады, мысалы, барлық Small және Spar сауда желілерінде картоптың келісі 280 теңгеден сатылып жатыр, - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, кеше Астанада бір кісіге бес келі картоп қана сатылып жатқаны туралы ақпарат шыққан еді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады