22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАстанадағы «Толқын» спорт кешенінде 2009-2013 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасында қалалық чемпионат өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жазғы Олимпиада ойындарында 16 жүлде жиынтығы үлестірілетін каноэ мен байдаркада ескек есу спорты Астана қаласында 2000 жылдан бері қолға алынып, тұрақты түрде жолға қойылған. Бүгінгі жарысқа қатысушылардың дені осы спортқа 1-2 ай ішінде ғана келіп, алғаш рет су бетінде тәжірибелерін сынады.
Мектептерді аралап, каноэ мен байдаркада ескек есу спортымен айналысуға шақырамыз. Бұл жерде секцияға қосылу үшін, 10 жастан асқан балалар жүгіру, кермеге тартылу, кеудені жерден көтеру сынды нормативтерді тапсыру қажет. Сондай-ақ жүзе алуы да тиіс. Спортты жаңадан бастағандар 1-2 ай бойы дайындықтан кейін ғана суда жүзеді. Себебі олар каноэ мен байдаркада тепе-теңдікті сақтауды үйренуі керек, - деді Астана қаласының аға бапкері Сергей Шимин.
Бұған дейін «Толқын» спорт кешенінің жанындағы ескек есу каналына жұмыстар жүргізіліп, 2025 жылы қайта қолданысқа берілді. Қазіргі кезде бұл жерде спортты енді бастағандар жаттықса, тәжірибелі спортшылар Есіл өзенінде біліктіліктерін шыңдайды.
Жарыс барысында қатысушылар 200 метр мен 500 метр қашықтықты белгілі бір уақытта жүзіп өтуі керек. Нормативті орындай алмаған қатысушыларға тағы 1 айдай сынақ уақыты беріледі. Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары алдағы уақытта Алматы және Теміртау қаласында өтетін республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев