Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлордада жасөспірімдер қылмысының алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, полицейлер аудандық әкімдіктердің, білім басқармасының және Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қызметкерлерімен бірлесіп, саябақтар мен гүлзарларды, компьютерлік клубтарды, кафелерді тексереді. Тексеру барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында болу фактілері анықталады.
Рейдтік іс-шаралар шеңберінде аудандық ІІО-ға 165 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, оның ішінде 6 кәмелетке толмаған бала есепке алынды.
Жедел іс-шара барысында 151 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуы» бойынша 109 факті бар.
Балалардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ойын-сауық мекемелерінің иелері сағат 22.00-ден кейін ата-аналары немесе оларды алмастыратын тұлғалары жоқ балаларды кіргізгені үшін жауапкершілікке тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабына сәйкес, сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйлерінен тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуына және жүруіне тыйым салынады.
Рейдтік іс-шаралар қоғамда құқықтық сана мен мәдениет деңгейін арттыру, заңдылық қағидаттарын дамыту және кез келген құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік мақсатында жүргізіледі.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?