29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЕлорданың Сарайшық ауданында заңсыз кальян шегу фактілерін анықтау мақсатында ойын-сауық мекемелерінде рейд жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Профилактикалық шараны ауданы әкімдігінің қызметкерлері полиция басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған.
Сарайшық ауданындағы екі мекемеде жүргізілген рейд барысында кальян шегудің айғағы анықталды. Тәртіп бұзушыларға 117 960 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Құқық бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы мекемеге қарсы ұсыныс берілді. Кальяндар тәркіленді.
Рейдтік іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде құқық қорғау органдары қала тұрғындарының шағымдарын ескеріп, аталған аумақтарда құқық бұзушылықтарға талдау жүргізгені атап өтілді. Полиция мұндай рейдтер демалыс және мереке күндері күшейе отырып, тұрақты негізде жүргізілетінін атап өтті.
Заңбұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабына сәйкес 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, - деді учаскелік полиция майоры Ғалым Мұстаханов.
Еске салайық, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы қаулы 2013 жылдың 14 наурызында күшіне енген болатын. Тиісті талап бұзылса, кальян шегетіндерге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталап бұзғаны үшін – 20 АЕК. Ал мекеме иелеріне 20-дан 60 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек