Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыАстанада 11 қойма бар, онда халық үшін 14 көмір сату нүктесі бар. Олар тиісті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен толық жабдықталған. Бұл жерлерде 8 өткізуші компания өз қызметін жүзеге асырады, деп хабарлайды EL.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Жылыту маусымына дайындық және оны өткізу кезеңінде көмір сатушылардан 463 мың тоннадан астам көмір мөлшерінде өтінімдер ресімделді. Отын қоры тұрақты негізде толықтырылып отырады.
Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында тамыз айында барлық компаниялармен көмір құнын бекіту туралы меморандумдар жасалды. 109 нөмірі бойынша көмір қоры, бағасы және бар-жоғы туралы ақпараттарды білуге болады.
Бүгінгі таңда көмірдің орташа бағасы өткен жылдың деңгейінде:
Шұбаркөл-тоннасына 13 800 тг;
Қаражыра-тоннасына 14 500 тг;
Майкөбе-тоннасына 12 700 тг.
Ал қала тұрғындары көмірдің тоннасын 26 мың теңгеден алғандарын айтады.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді