Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанадағы «Жетісу» саябағында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығының ұйымдастыруымен JasylFest атты екінші экологиялық фестиваль өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, фестиваль StopMusor әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылып, елорда тұрғындары мен қонақтарының назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жауапты тұтыну дағдыларын дамыту мақсатында өткізілді.
Іс-шара қонақтары қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау бойынша шеберлік сабақтарына қатысып, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз тұрмыстық химияны гринвошингтен қалай ажыратуға болатынын үйренді, эко-сөмкелерді әрлеуді меңгеріп, жауынқұрты көмегімен компост жасау технологиясымен танысты.
Сонымен қатар, биологиялық ыдырайтын бір реттік ыдыс жасау аймағы ерекше қызығушылық тудырды.
Фестиваль алаңында киім-кешек, кітаптар мен ойыншықтар қабылданатын дармарка және қайта өңдеуге арналған қалдықтарды жинау пункті жұмыс істеді. Қатысушылар макулатура, әртүрлі пластик түрлері, шыны, мата, батарейкалар, электронды қалдықтар, мерзімі өткен дәрі-дәрмектер мен қолданылған өсімдік майын, т.б. заттарын тапсырды. Сонымен қатар, жануарлар үйіне арналған заттарды – ескі сүлгілер, көрпелер мен төсек жабдықтарын жинау бөлек ұйымдастырылды.
Балалар үшін анимациялық бағдарламалар мен сыйлықтар таратылатын викториналар өткізілді.
Біз қарапайым экологиялық әдеттердің күнделікті өмір салтына қалай айнала алатынын іс жүзінде көрсеткіміз келеді. Бүгінгі фестиваль – жай ғана акция емес, табиғатты қорғауды өмір нормасына айналдыратын жаңа ұрпақ тәрбиелеуге қосқан үлесіміз, – деді Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы басқармасының төрайымы Айгүл Сағадибекова.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?