6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанада базар аумағындағы ангарлық үлгідегі қоймада өрт шықты. Оқиға орнына жеке құрамның 82 адамы және 21 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт сөндірушілер ғимараттың шатырын ашып, қызыл жалынмен күрескен. Алапат жалынды сөндіру жоғары өрт жүктемесімен және қатты түтін салдарынан қиындай түскен.
Өрт орнында жедел штаб құрылып, 3 жауынгерлік учаске жұмыс істеді. Өртті сөндіруге 6 су оқпаны берілді. Полиция департаментінің қызметкерлері өрт болған жерді қоршады. Төтеншеліктердің жедел іс-қимылдарының арқасында оттың әрмен қарай таралуына жол берілмеді. Өрт сөндірілді.
Құрылыс материалдарын талдау мен су төгу жұмысы жүргізілуде.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі