2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАстанада полиция қызметкерлері қазақстандықтарды алдап келген алаяқтардың call-орталығын жойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласында интернет-алаяқтардың жалған нөмірлерден қоңырау шалып, қазақстандықтарды алдап келген call-орталығы жойылды. Киберқылмыспен күрес басқармасы жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде автокөлік пен жылжымайтын мүлік ұтысын пайдаланып, азаматтарды алдаған бес адамнан тұратын топ ұсталды.
Қылмыстық әрекет жасаған күдіктілер интернет-дүкендердің бірінен 2000-нан астам қазақстандықтың жеке деректерін қамтитын клиенттік базаны сатып алған. Алаяқтар жұмыс кеңсесін қаладағы бизнес-орталықтардың бірінен жалға алып, жас азаматтарды жұмысқа тартып, оларды абоненттерге тізім бойынша қоңырау шалуға міндеттеген. Әңгіме барысында қоңырау шалушы адам көлік немесе пәтер ұтып алғанын хабарлап, "сыйлықты алу үшін" салық төлеу қажет екенін айтып, 180 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақша аударуды сұраған.
Офиске тінту жүргізу барысында 7 ноутбук, SIP-телефон арқылы қоңырау шалуға және операторлардың дауысын өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламалар, құлаққаптар мен микрофондар және Wi-Fi роутерлер тәркіленді.
Қазіргі уақытта 10 жәбірленуші анықталды, келтірілген жалпы шығын 7 млн теңгеге жуық. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері алаяқтық топтың басқа да құрбандарын анықтау жұмыстарын жалғастыруда.
Астана қаласының полиция департаменті белгісіз адамдардан "жүлде ұтқаныңыз" туралы қоңыраулар түскен жағдайда сақ болуға, ақпаратты ресми интернет-ресурстардан тексеруге және қызмет не тауардың бар екеніне көз жеткізбей ешқандай алдын ала төлем жасамауға кеңес береді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова