Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБотаникалық бақта Конституция күніне орай Инклюзивті фестиваль ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Фестиваль салауатты өмір салтын насихаттау мен қолдау, қоғамда инклюзияны дамыту, сондай-ақ «Қазақстан халқына» қорының іске асырылып жатқан қайырымдылық бағдарламаларымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.
Фестивальге 300-ден астам қатысушы – кәсіби және жас параспортшылар, «Қазақстан халқына» қорынан инновациялық және спорттық жүгіру протездерді, экзоскелеттерді алған қазақстандықтар, белгілі спортшылар, сарапшылар, медицина мамандары, серіктестер, ерекше балалар мен олардың ата-аналары қатысты.
«Бүгінгі шарада барлықтарыңызды көргенімізге қуаныштымыз, әрқайсыңыздың үлгі-өнегелеріңіз бізді ерекше жігерлендіреді. Сіздердің жетістіктеріңіз бір адам үшін ғана емес, мына баршамызға маңызды жеңіс. Сондықтан бүгінгі Фестивальді өткізуге бастамашы болдық. Осы күнді бізбен бөлісуге келгендердің барлығына мың алғыс», – деп атап өтті Болат Жәмішев.
Фестиваль алаңында бочча, отырып ойнайтын футбол, отырып ойнайтын волейбол, жүгіру және бейімдеу спорты бойынша мастер-класстар, сондай-ақ барлық ниет білдіруші қатысқан арнайы жүгіру жарысы ұйымдастырылды. Мастер-класс қатысушылары естелік сыйлықтармен марапатталды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары