Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанада 2025 жылдың 16–17 сәуір күндері II Орталық Азия медиафорумы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Форумда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ұлыбритания, Қытай, Катар, Ресей және басқа да елдердің медиа саласының жетекшілері мен сарапшылары бас қосады.
Екі күн бойы өтетін панельдік сессияларда Орталық Азия мемлекеттерінің БАҚ-тары үшін жаңа даму мүмкіндіктері мен ынтымақтастық мәселелері, жаһандық медианың дамуы, болашақтың ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, жасанды интеллект пен көп деректер кезеңіндегі медианың цифрлық трансформациясы, сондай-ақ ел имиджін қалыптастырудағы әлеуметтік желілердің рөлі талқыланады.
Медиафорумға 500-ден астам қатысушы (отандық және шетелдік БАҚ басшылары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың баспасөз қызметі өкілдері, ЖОО студенттері, инфлюенсерлер, медиа сарапшылар және т.б.) келеді. Оларға арнап Euronews, CNN, Яндекс және басқа да жетекші ұйымдар мамандары шеберлік сабақтарын өткізеді.
Сонымен қатар медиафорум аясында Орталық Азия елдері ақпарат министрлерінің (уәкілетті тұлғаларының) кездесуі жоспарланған.
Медиафорумға қатысу үшін https://camf.kz/ сайтына кіріп, тіркеуден өту қажет.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді