2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАстана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы елорданың 20 жылдығына орай Тілеп Қобыз сарайында II халықаралық этникалық сән марафонын өткізді.
Сән марафонының құрметтті қонақтары ретінде Франциядан (Париж) стилист, блогер, бас веб редактор, PR менеджер, PROMOSTYL тренд агенттігінен - Эв Дюпуй, PROMOSTYL тренд агенттігінен, Орта, Таяу Шығыс, Африка, Шығыс Еуропа елдерінің сауда бөлімінің басшысы- Элеонора Тухфатуллина, Италиядан Micmatex негізін қалаушы Мауро Менготти, Грузиядан жетекші дизайнер-стилист, «Магда» жеке бренд авторы - Magda Tvaliashvili, Армениядан белгілі стилист-дизайнер - Diana Shatverian, сондай-ақ қазақстандық фешн-индустрия өкілдері, жетекші дизайнерлер, үйренуші дизайнер-сәнгерлер, бизнес қауымдастығы мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Құрметті қонақтарға Астана қаласы бойынша тур ұйымдастырылып, олар қаланың тарихымен тереңірек танысты.
Іс-шараны Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Әмірханұлы Аманшаев салтанатты түрде ашып, оның маңызына жан-жақты тоқталды.
Іс-шара қонақтарына шеберлік сыныбының стилисі Сабира Деко әзірлеген Қазақстан дизайнерлерінің топтамасы, шебер қолдардан шыққан тауарлардың әмбебап жәрмеңкесі, қолөнершілердің шеберлік сабақтары, халық шығармашылығы бұйымдары ұйымдастырылып, оның көрсетілімі жоғары деңгейде өтті.
Бағдарламаның тақырыптық бөлігі музыкалық ансамблдің өнерімен және бимен толықтырылды.
Гран-при жүлдесін және PROMOSTYL Paris тренд агенттігі атынан берілген құны 2000 еуролық трендбукті Айсаным Кастеева иеленді. Жүлдені сән марафонының құрметті қонағы Франциядан келген Эв Дюпуй табыс етті. II халықаралық этникалық сән марафонының қалған жеңімпаздары дипломдармен және бағалы жүлделермен марпатталды.
Фото: сайт kipyat.com
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова