Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлордада қарлы бораннан екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары сабақтарын онлайн өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауа райының нашарлауына байланысты 2024 жылғы 14 ақпанда екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді, - деп хабарлады елордалық Білім басқармасы.
«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 14 ақпанда елордада күн бұлтты, кейде жаңбыр аралас қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Солтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-батыс жел екпіні 9-14, 15-20, түнде 23 м/с болады. Ауа температурасы түнде -8-10 аяз болса, күндіз 0-2 градусқа төмендейді.
Бір күннен кейін анда-санда қар жауып, боран болады деп күтілуде. Солтүстік-шығыс жел екпіні – 9-14, 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -17-19-ды көрсетіп, одан әрі де төмендеуі ықтимал.
16 ақпан күн бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжануда. Солтүстік-батыс жел екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -33-35, күндіз -27-29 аяз.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?