23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астанада иесіз ғимараттан денесі табылған 14 жастағы қыз туралы тың дерек айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
КТК арнасының мәліметінше, полиция өкілдері осыдан бір ай бұрын болған қайғылы жағдай бойынша сот-медициналық сараптама қорытындысын жария етті.
Қаңырап иесіз тұрған бұрынғы балабақша ғимаратынан 14 жасар қыздың денесін сол маңда ойнап жүрген балалар тапқан.
Марқұм Аурелияның ата-анасы сабақтан кейін серуендеуге шыққан қызының неге ескі ғимаратқа барғанын түсінбейді. Бұған дейін де төрт рет өрт болып, тағы бір ер адам көз жұмған ескі ғимарат қаңғыбастар паналайтын жерге айналғалы үш жылдай болған.
Сот-медициналық сараптамасы оның газдан уланғанын анықтады.
14 жастағы қыздың денесіне қатысты істің мән-жайын обьективті, жан-жақты зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, өлім газ қоспасымен уланудан болған. Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жарияланбайды, - дейді Астана ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.
Еске салайық, қыздың құрбыралы оның газ баллонын иіскеп жүретінін айтқан еді. Сол күні де ол дүкеннен баллон сатып алған көрінеді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік