6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерӘлихан Смайылов «Астана – мәдениет керуені» I халықаралық әскери-музыкалық фестивалінің қорытынды гала-концертін тамашалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Барыс Арена» мұз сарайында өткен шараға жеті мыңнан астам көрермен жиналды. Онда ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі, Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі, Қазақстан Ұлттық ұланының үлгілі-көрсетілімді оркестрі, сондай-ақ Әзербайжан, Үндістан, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Жапония әскерлерінің әскери оркестрлері өнер көрсетті.
Атап айтқанда, гала-концертте қазақ халық өнерінің інжу-маржаны атанған "Япырай" лирикалық әуені, Астанаға арналған «Мерейтойлық марш», сондай-ақ Майкл Джексон мен Лайонел Ричидің әлемге әйгілі We are the world синглы орындалды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі