Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада «ҚазжолҒЗИ» АҚ-ның 65 жылдығына арналған ХХ халықаралық «KAZTRAFFIC-2024» көрмесі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға әлемнің 20 мемлекетінен келген 110-нан астам жол саласы кәсіпорындарының өкілдері қатысып жатыр. Шара аясында заманауи жол-құрылыс техникасы мен жол құрылысына арналған жаңа материалдар ұсынылды. Шараны Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев ашты. Ол сөзінде жол саласында рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізу маңызды екенін атап өтті:
2024 жылы рекордтық 12 мың шақырым жол құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Қолға алынған жұмыстың 8 мың шақырымы республикалық жолдарға тиесілі болса, қалған 4 мың шақырымы жергілікті жолдарға тиесілі. Биыл халық игілігіне маңызды бірқатар инфрақұрылымдық жоба берілді. Олардың қатарына Шақпақ баба асуы арқылы өтетін алғашқы тоннель, Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпір және Шамалған стансасындағы айналма жол жатады. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 2 мың шақырымға жуық «Қарағанды–Алматы», «Талдықорған–Өскемен», «Ақтөбе-Қандыағаш» және «Атырау–Астрахань» сияқты төрт ірі автожол жобасы аяқталуға жақын, - деді ол.
Келесі жылдан бастап төрт жолақты «Қарағанды - Жезқазған» және «Сарыағаш қаласының айналма жолы» жобаларын бастау көзделген. Биыл «Қызылорда - Жезқазған», «Ақтөбе - Ұлғайсын» автожолын қайта жаңарту жұмыстары басталды. Айта кетейік, сөз етілген жобалардың барлығы 4 жолақты болмақ.
2029 жылға дейін жалпы ұзындығы 4 мың шақырымнан асатын жаңа 12 автожол жобасын іске асыру жоспарланып отыр.
«KAZTRAFFIC-2024» көрмесі екі күнге созылады. Көрме аясында «Болашақ жолдар» Орталық Азия Халықаралық конференциясы жұмысын бастайды. Онда өңірдің жол инфрақұрылымын дамыту перспективалары талқыланбақ. Сондай-ақ аталған іс-шара шеңберінде жол қозғалысының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру мақсатында озық технологияларды пайдалануға арналған «Инновациялардың қозғаушы күші: Заманауи жол инфрақұрылымындағы зияткерлік көлік жүйелерінің әлеуеті» тақырыбында PIARC халықаралық семинары өтеді.
«KAZTRAFFIC-2024» көрмесі тәжірибе алмасумен қатар инновациялық шешімдерді көрсету үшін, сондай-ақ жол саласын одан әрі дамыту стратегияларын әзірлеу үшін маңызды алаңға айналды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?