6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБүгін Халықаралық волонтерлер форумының алғашқы күні. Елордадағы іс-шараға қатысуға 400-ден аса қатысушы келді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров форумда 34 елден келген 140-тан аса халықаралық ұйымның өкілдері мен шетелдік қатысушылар болатынын атап өтті.
Форумның өтуіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «келер жыл – Халықаралық волонтерлерді жинау жылы» деп белгілегені бастама болып отыр. Іс-шараны өткізудегі мақсатымыз – халықаралық деңгейдегі волонтерлерге қатысты мәселелерді ортаға салып шешу, басқа елдермен тәжірибе алмасу, - деді вице-министр.
Форум «Халықаралық волонтерлік бастамалар: тәсілдер мен тәжірибелер» атты сессиядан бастау алады. Алғашқы отырыста Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, ТМД Бас хатшысының орынбасары Дәурен Абаев сөз сөйлейді.
Айта кетейік, аталмыш форум 21 маусым күні де өз жалғасын табады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі