Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстананың іргесіндегі Софиев ауылында Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы құсбегілердің халықаралық турнирінің ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қала әкімдігінің мәліметінше, ұлттық рухты көтеріп, ата-баба дәстүрін жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған сайысқа Қазақстанмен қатар Моңғолия, Ресей, Түркия және Қырғызстаннан келген 60 құсбегі қатысып жатыр.
Бүркіттер қатыстырылған алғашқы сайыс екі бағдарлама: құсты қолға шақыру, шырғаға салу бойынша өтті. Мұнда тіркеуден өткен 47 бүркіт бар.
Ертең бүркіт, ителгі және қаршыға жарыстарының жартылай және ақтық бәсекелері өтеді. Жарыс соңында жеңімпаздарды марапатталып, жүлделі орын иеленген спортшыларға қаржылай сыйлықтар табыс етіледі.
Айта кетейік, жүлде қоры бас демеуші – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» (Sport Qory) корпоративтік қорының қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Құсбегілер додасын Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, «Республикалық құсбегілік федерациясы» және Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырып отыр.
Халықаралық турнир құсбегілік өнерін кеңінен насихаттап, отандық және шетелдік спортшылардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?