29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАстанада халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елордада жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, алаяқтық жасады деп айыпталған 36 жастағы ер адам қолға түсті. Белгілі болғандай, ол 2022 жылдың қыркүйек айында Ташкент қаласында жергілікті тұрғынды Chevrolet Lacetti автокөлігін алып беремін деп алдап, 12 мың АҚШ долларын иемденген. Алаяқ өз қажетіне жұмсап жіберген ақшалай қаражатты қайтармай, қылмыстық жауапкершіліктен жасырыну үшін Қазақстан аумағында бой тасалаған.
2023 жылдың мамыр айында Ташкент қаласының ішкі істер департаменті күдіктіні халықаралық іздеуге жариялап, сот бұлтартпау шарасы ретінде оны қамауға алу туралы шешім шығарған. Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек