Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек1 наурызда Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «Гүлдер» ансамблінің 55 жылдық мерейтойына арналған гала-концерті өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігі ұсынған мәліметке сүйенсек, концерт бағдарламасында арнайы әзірленген эксклюзивті аспаптық-хореографиялық қойылымдар мен жаңа хореографиялық композицияның тұсаукесері, авторлық әндер, белгілі әртістермен бірлескен дуэт және классикалық өнердің жаңа интерпретациясы ұсынылады.
Іс-шараға қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары, «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, «Astana musical» мемлекеттік театры, «TURAN» этно-фольклорлық ансамблі, «Самға» тобы және «Гүлдер» ансамблі қатысады.
Еске салсақ, «Гүлдер» ансамблі 1970 жылы құрылып, 2023 жылдың 1 наурызында топтың жаңа құрамы тұсаукесер концерт берді. Ансамбль құрылғаннан бастап өнер иелері Қытай, Үндістан, Германия, Жапония, Куба, Болгария, Моңғолия, Израиль, Оңтүстік-Шығыс Азия секілді елдерге гастрольдік сапармен барып, эстрадалық-музыкалық ревю бағытында концерттік бағдарламаларды көпшілікке ұсынды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?