Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Астанада гандболдан Ұлттық мектеп лигасының финалдық кезеңі өз мәресіне жетті. Турнир Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің қолдауымен өтті және Халықаралық Олимпиада күніне арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК мәліметінше, еліміздің әр өңірінен келген ең үздік мектеп командалары жеңіс үшін бақ сынады. Финалдық кезең бүкіл ел бойынша көптеген оқушыны қамтыған республикалық жобаның қорытындысы болды.
Жарыс нәтижесі бойынша ұлдар арасында Павлодар облысындағы №21 орта мектептің командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Ақтөбе облысының №2 мектеп-гимназиясы иеленсе, қола жүлде Түркістан облысындағы Әл-Фараби атындағы №10 орта мектепке бұйырды.
Қыздар арасында Павлодар облысындағы №5 орта мектептің командасы жеңіске жетті. Екінші орынды Қарағанды облысының №35 мектебі иеленсе, үшінші орын Қызылорда облысындағы №246 мектепке бұйырды.
Ұлттық мектеп лигасы - бұл балалардың спортта өзін көрсетуіне мүмкіндік беретін жоба ғана емес, сонымен қатар маңызды әлеуметтік құрал. Әртүрлі өңірден келген оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасап, қарсыласын құрметтеуді, командамен жұмыс істеуді үйренеді. Финалдық кезеңдердің Халықаралық Олимпиада күні қарсаңында өтуінің өзі ерекше мәнге ие. Бұл мектеп спорты мен Олимпиада қозғалысының басты құндылықтарының арасындағы байланысты көрсетеді, - деп атап өтті Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті.
Ұлттық мектеп лигасы он спорт түрінен өтеді: гандбол, үстел теннисі, волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, футзал, жеңіл атлетика, асық ату, шахмат және футбол.
Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд