20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада алдағы сенбі, яғни 22 ақпанда екі ірі спорттық іс-шара өтеді: футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін матч және «Барыс» ХК ойыны. Осыған байланысты жолдарда кептеліс жоғары болады деп күтіліп отыр. Сол себепті қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жол қозғалысына уақытша өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдіктің мәліметінше, «Қайрат» пен «Ақтөбе» футбол матчы «Астана Арена» стадионында сағат 15:00-де, «Барыс» ХК хоккей матчы «Барыс Арена» стадионында сағат 17:00-де өтеді.
Көлік ағынын біркелкі бөлу үшін ареналарға кіру және шығу бойынша жеке маршруттар ұйымдастырылатын болады:
Футбол матчының көрермендері үшін қозғалыс тек Қабанбай батыр даңғылы арқылы жүзеге асырылады.
Хоккей матчының жанкүйерлері үшін тек Тұран даңғылы арқылы кіріп, шығуға болады.
Қозғалыс шектеулері матчтар басталғанға дейін бірнеше сағат бұрын енгізіледі және олар аяқталғанға дейін сақталады. Жүргізушілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы керек. Қолайсыздық болмас үшін қоғамдық көлікке мінген.
Астана қаласының әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарынан уақытша өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?