23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстана қаласындағы Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Folk&Art Performance» жастар шығармашылық фестивалі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жобаның мақсаты – өнер арқылы Қазақстанның мәдени әралуандығын көрсету, жас таланттарды қолдау және шығармашылық бастамалар арқылы этносаралық келісім мен бірлікті нығайту болып отыр.
Фестиваль аясында шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Ансамбльдер халық билері мен музыкасын, аспаптық шығармаларды, әр этностың дәстүрлерін бейнелейтін хореографиялық қойылымдарды, «Абай» операсынан Абайдың ариясын, ым-ишара тілінде орындалған әндер мен басқа да өнер туындыларын ұсынды.
Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған фотокөрме ұйымдастырылып, онда мәдениет қайраткерлері мен Ассамблея мүшелерінің еңбектері таныстырылды. Олар бүгінде жастарға тәлімгерлік етуде. Іс-шара барысында шығармашыл жастарға халықаралық байқауларға қатысуға арналған жол жүру гранттарының 5 сертификаты табысталды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады