Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАуыл шаруашылығын насихаттау, экологиялық мәдениетті ілгерілету және фермерлерді қолдау үшін басты алаңға айналған ауқымды отбасылық іс-шара «Сарыарқа» СОО-да өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
АШМ мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар жоба фермерлерді, сарапшыларды, жастарды және жанұяларды балалармен біріктіріп, қарым-қатынас, оқу және шабыт үшін бірегей кеңістік құрды.
Фестивальдің миссиясы – ауыл шаруашылығын беделді және перспективалы сала ретінде танымал ету, фермерлерді қолдау және табиғи өнімді саналы түрде тұтыну мәдениетін дамыту арқылы Аграрлық Қазақстанды жаңғырту.
Фестивальге барлығы 5 мыңнан астам қонақ қатысады, оның ішінде ірі компаниялардың өкілдері, фермерлер, елорда тұрғындары бар. Бұл іс-шараны Халықаралық SlowFood қозғалысы қолдайды, - делінген мәліметте.
Фермерлер мен сарапшылардың ірімшік жасау, флористика, жылыжайлар, дұрыс тамақтану және экология туралы дәрістері сияқты бірегей шеберлік сабақтары өтеді, фестиваль қонақтары ауыл шаруашылығы, көшпенділік, ұлттық тағамдар және оның пайдасы туралы әңгімелейді.
Мұнда Қазақстанның ең үздік фермерлік және табиғи өнім өндірушілерінің табиғи өнімдері, аспаздық шоулар, балаларға арналған конкурстар мен интерактивтер, тақырыптық фотоаймақтар мен этникалық қойылымдар ұсынылған.
Фестиваль аясында 7-11 сынып оқушылары арасында жылыжай қызметін ұйымдастыру бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы өтуде.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді