2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАстанада ет өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан екі кәсіпорын анықталды. Астанада етті өңдеу рұқсат құжаттарынсыз және антисанитарлық жағдайларда жүргізілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кәсіпкер астыртын мал сою цехы үшін нысанды жалға алғаны белгілі болды.
Полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлері рұқсат құжаттарсыз және антисанитарлық жағдайда ет өңдеумен айналысқан заңсыз әрекетті тоқтатты. Кәсіпкер астыртын мал сою цехы үшін нысанды жалға алғаны анықталды. Онда алты адам заңсыз жұмыс істеп, күнделікті ақшалай төлем алып отырған. Қолданылатын шикізат ретінде құжатсыз сатып алынған күмәнді ет пайдаланылған. Дайын өнім Қазақстан өңірлеріне таратылған, - деп хабарлады Астана ПД өкілдері.
Құқық қорғаушылар Астананың бір ауданында жергілікті тұрғынның өз үйінің ауласында етті заңсыз сатумен айналысқан екінші оқиғаны да атап өтті. Өнімнің ешқандай құжаты, ветеринарлық мөрі болмаған.
Қазір тәркіленген еттің сапасын тексеру үшін сараптама тағайындалды. Бұл заңбұзушылықтар бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқықбұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған. Астана полиция департаменті ет өнімдері ветеринарлық бақылаусыз адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін екенін ескертеді, - деп қосты полиция.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова