6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстананың 21 жастағы тұрғыны есірткі сақтағаны үшін 7 жылға сотталды: прокуратура оның қалай сотталғанын қаладағы мың оқушыға тікелей эфирде көрсеткен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Астана қаласының прокуратурасы хабарлағандай, бұл «Заң мен тәртіп» және «Жас үміт» жобасы аясында өткен сот болған. Бастаманы Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы қолға алған.
Бастаманың мақсаты - жастар арасында есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласындағы қылмыстардың алдын алу, - деп хабарлаған Астананың прокуратурасы.
Осылайша, бұл сот процессін 25 мектепте оқитын мыңнан астам оқушы онлайн қарап отырған. Сот есірткі сақтаған 21 жастағы жігітті оқушылардың көзінде 7 жылға соттаған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі