Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек7 мамыр күні елорданың су нысандарынык экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында «Астана қаласында Есіл және Ақбұлақ өзендерін Биологиялық оңалту» пилоттық жобасы іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қалалық әкімдіктің ресми сайтының мәліметінше, елордалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бастамасымен суға екі мың литрге жуық хлорелла суспензиясы төгілген.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің, Экология департаментінің, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясының, «Қазсушар» РМК, «Бұқтырма уылдырық шашу-өсу шаруашылығы» ЖШС өкілдері, студенттер мен еріктілер жиналды.
Жоба су қоймасының экожүйесін қалпына келтіру және биологиялық мелиорация әдісімен антропогендік жүктемені азайтуды көздейді. Бұл әдіс қопсытқыш қондырғыда өсірілген «хлорелла» бір жасушалы жасыл балдырлардың штамдарын қолдануды қамтиды. Суспензия – балдырларға арналған қоректік орта. Ол қанық жасыл түске және судың физикалық қасиеттеріне ие. Оны өсіру үшін планктон штамдары қолданылады, - деп жазылған Астана әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Су қоймаларын улы заттардан тазартуда және балдырлармен эвтрофикациялауда балдырлар суспензиясын қолдану әдісі су қоймасына концентрацияланған суспензияны енгізуден тұрады. Нәтижесінде тазарту және оңалту кезінде су қоймасының экологиялық жағдайы келесі көрсеткіштер бойынша жақсарады деп күтілуде. Оның ішінде су айдынының физика-химиялық көрсеткіштерін жақсарту, еріген оттегінің концентрациясының жоғарылауы, су қоймасының гидробиологиялық көрсеткіштерін жақсарту, зоопланктон мен зообентос саны мен биомассасының өсуі, ихтиофаунаның көбеюі секілді маңызды факторлар бар.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?