Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБүгін түнде Астанада Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровты өлтіріп кетті. Бұл ақпаратты полиция растады, дп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, бір-бірін бұрыннан танитын екі ер адамның арасында жанжал туындап, ол кейін төбелеске ұласқан. Салдарынан 56 жастағы ер адам алған жарақаттарынан көз жұмды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, – деді полиция өкілдері.
Еске сала кетсек, Ержан Бабақұмаров 2019 жылдың шілдесінен 2022 жылдың ақпанына дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Сондай-ақ ол Орталық коммуникациялар қызметін басқарған және премьер-министр кеңсесінде жұмыс істеген. Әр жылдары президенттің кеңесшісі, мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметтерін де атқарған.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек