6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанада полиция есірткі сатумен айналысқан ерлі-зайыптыларды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, арнайы іс-шараларды өткізу барысында елордалық полиция қызметкерлері есірткі сатуға қатысы бар ерлі-зайыптыларды анықтады. 31 жастағы ер адамды жеке тінту барысында күртешенің ішкі қалтасынан бір полиэтилен байламы табылып, тәркіленді. Оның ішінде ақшыл түсті ұнтақ тәрізді консистенциясы бар зат болған.
Тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде олардан электрондық таразылар, ерекше иісі бар ұнтақ консистенциясы бар зат салынған пакет, сатуға дайын отыз бес оралған пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген «мефедрон» салмағы – 375,3 грамм, - делінген мәліметте.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі