Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада Instagram арқылы “емге” қаражат жинап, оны жеке қажетіне жұмсаған Тотақановтардың ісі сотта қаралып жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Олар бірнеше жыл бойы әлеуметтік желіде ауыр дертке шалдыққан “ұлдарының” атынан көмек сұрап, қазақстандықтарды алдап келген. 2020 жылдан 2024 жылға дейін ерлі-зайыптылар Instagram парақшасын белсенді жүргізіп, қолдан жасалған “емдеу барысын”, “аурудың өршуін” сипаттайтын жазбалар жариялап отырған. Жалған суреттер мен өтірік хикаялар көп адамның жүрегін елжіретіп, мыңдаған қазақстандық оларға көмек қолын созған.
Соттың мәліметінше, осы жылдар ішінде олар жалған қайырымдылық арқылы бір миллиард теңгеден астам қаржы жинаған. Бірақ шын мәнінде, ешқандай науқас бала болмаған. Жиналған қаржы шетелге саяхат, букмекерлік ставкалар, қымбат киім-кешек пен өзге де жеке қажеттіліктерге жұмсалған. Тергеу барысында анықталғандай, алаяқтық әрекеттер тіпті қайтыс болған туыстың атымен жүргізілген: 2021 жылы көз жұмған және ол кезде ақыл-есі кеміп, әрекетке қабілетсіз болған Тотақанованың әжесінің банк шоты мен карталары пайдаланылған. Сонымен қатар, айыпталушы әйелдің анасының атына тіркелген есепшоттар да ақша айналымына тартылған.
Соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, тергеу нәтижесі ерлі-зайыптылардың науқас бала болмағанын толық дәлелдеген. Олар адамдардың сенімін әдейі теріс пайдаланған және “баланың” өлімі туралы жалған ақпарат жариялап, жазбаларын одан кейін де жалғастырып отырған. Жәбірленушілер қатарында зейнеткерлер, жалғызбасты аналар мен студенттер бар. Олар шын жүректен жәрдем беруге тырысқанымен, алаяқтардың құрбанына айналды.
Қазіргі таңда сот процесі жалғасып жатыр. Ерлі-зайыпты Тотақановтарға “аса ірі көлемдегі алаяқтық” бабы бойынша ауыр жаза қолданылуы мүмкін.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?